Есею, бойжету деген осындай болса- мен ешқашан үлкен болуды армандамайтын едім. Баяғыда, кішкентай кезімде үлкен аға-әпкелеріме еліктеп, мектепке барғым келіп, үлкендер ұстайтын сөмкеге қызығып, "туу, осы мен қашан өсер екенмін?"деуші едім. Ол уақытта есею деген-мен үшін бақытты болумен, армандарымның орындалуымен өлшенді ма, білмеймін. Ал енді, сол кезде қоярда-қоймай армандап, күнде жатар алдында қиялдап жататын бойжеткен шаққа да көзді ашып-жұмғанша жетіп қалыппыз. Хош, есейдік, бойжеттік. Не таптық? Ата-анамыздан, бауырларымыздан, жастайымыздан бірге ойнаған достарымыздан жырақта, баяғыда армандаған сөмкені ұстап, оқу-оқу деп шапқылап жүрміз. Үлкен аға-әпкелеріміз "бала күнімді сағынамын" деген кезде, бұрындары мән бермейтінмін. Бастан өтпеген соң, қайдан ғана ойлайсың ондай нәрсені. Мен дәл қазір алыста сағымдай бұлдырап артымда қалған "өтірігі жоқ өмірімді", балалық кезімді сағынып отырмын. Шіркін, уайым-қайғысы жоқ, алаңсыз балалық шағым-ай! "Сәби болғым келеді, сәби болғым". Осы өлең жолдары еріксіз ойға орала берді. Енді сәби болу қайда бізге? Шын көңілмен қаласақ та, ешқашан уақытты артқа қайтара алмаймыз. Адамның ең қызықты шағы-патшаның тағындай болған бала кезі екен-ау. Қайран, менің балалығым, сені енді тек қана сағынышпен ғана еске алатын боламын. Басқа қолымнан ештеңе де келмейді. (С) Майра Базарбай

Теги других блогов: есе бойжету армандар